Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстады және сот санкциясымен қамауға алды», делінген хабарламада.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Еске сала кетейік, Сәтжан Әблалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат 2 тамызда пайда болды.Ол кезде оның пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.
Сәтжан Әблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ темір жол және коммуникация университетін бітірген.
Әблалиев 2023 жылдың қазан айынан бері көлік вице-министрі қызметін атқарған. Оған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.