• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Тамыз, 2025

Ауыл спортшыларының сайысы

50 рет
көрсетілді

Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылдық округінде ауыл спорт­шыларының XXII спартакиадасы өтті. Дүбірлі додаға аудан көлеміндегі екі кент пен 12 ауылдық округтен мыңға жуық спортшы қатысты.

Жарысқа қатысушылар жеті спорт түрінен (футбол, волейбол, асық ату, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру, қол күресі, үстел теннисі) сайысқа түсті. Сонымен қатар қазақ күресі, көкпар, тай бәйгесі, аламан бәйге секілді ұлттық спорттан ­жарыс көрі­гін қыздырды.

Екі күнге созылған спартакиа­даның қорытындысында коман­да­лық есепте Бидайық ауыл­дық окру­гінің спортшылары бірін­ші орын алды. Жүлделі екінші орынды Жаңаарқа кентінің спортшылары иеленсе, үшінші орынды Қара­ағаш ауылдық округі қанжығасына ­байлады. Түйе балуан, тай бәйгесі, аламан бәйге жүлдегерлеріне мотоцикл тарту етілді. Жеңімпаз бол­­ған барлық спортшы грамота, медаль, кубокпен қатар, қомақты ақша­лай сыйлыққа ие болды. Жарыс ережесі бойынша үздік спортшылар мен мықты командалар алдағы уақытта өте­тін облыстық спартакиадада аудан намысын қорғайды.

 

Ұлытау облысы