• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Шілде, 2025

Ұлттық тағамды брендке айналдырған кәсіпкер

20 рет
көрсетілді

Әсемгүл Кабелдинова – қазақтың ұлттық тағамдарын, соның ішінде етті заманауи форматта ұсынып, брендке айналдыра білген кәсіпкер. Ол үшін бұл жай ғана ас емес, ұрпақ сабақтастығын, отбасы жылуын, ұлттық болмысты сақтап қалудың жолы, деп жазады Egemen.kz.

Әсемгүл бірнеше жылдан бері қазы, шұжық секілді дәстүрлі тағамдарды үйретіп, ұлттық асхананы жаңа деңгейге көтеріп жүр. Оның басты мақсаты – дәстүрден алыстамай, бірақ қазіргі уақытқа, күнделікті тұтынуға ыңғайлы ету. Ол Instagram, TikTok әлеуметтік желілерін тиімді пайдаланып, блог жүргізеді.

Сонымен қатар, шеберлік сабақтарын өткізіп, ұлттық киім, дастарқан әдебі, ет мүшелеу сынды салт-дәстүрді үйретеді. Оның бастаған кәсібінің басты ерекшелігі өнімдерінің 15-20 минутта дайын болуында. Бұл әсіресе ет пісіруді білмейтін, уақыты аз, жұмыстан кеш келетін адамдар үшін өте қолайлы.

Соңғы жаңалықтар