• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тарих 30 Шілде, 2025

«Қазақтың билер мектебі: Майқыдан Абайға дейін»

90 рет
көрсетілді

Осындай атаумен ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы құрметті судьясы, заңгер Өмірсерік Қожабаевтың жаңа кітабы жарық көрді. Бұл кітап Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай облысы, Абай ауданының әкімшілігі мен Абай-Жидебай қорының сұрауы бойынша үш тілде оқырманға жол тартты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Кітаптың таныстырылымына қоғам қайраткерлері, еңбек арагерлері мен елімізге белгілі ғалымдар, өлкетанушы, ақын-жазушылар, журналистер қатысты.

Кітапта Абайдың әдет пен ғұрыпты, халықтың өмір сүру салтын зерттей отырып қазақ қоғамына қажетті заңдарды жазғаны толық қамтылған.

Кітап жайында «Қазақ тарихи қоғамы» ҚБ Басқарма Төрағасы Радик Теміреалиев:

- Бұл тарихи тәжірибе  маңызды практикалық және моральдық мәнге ие. Ұлттың өз күшіне және мүмкіндіктеріне сенбеуі көбінесе дамуға елеулі кедергі келтіретіні жасырын емес. Өз кезегінде, нигилистік көңіл-күй көбінесе өз тарихымен мәдениетіне деген көңіл қалушылықтан туындайды. Сондықтан тарихи деректерді өзектендіріп, кеңінен насихаттау аса маңызды. «Қазақтың билер мектебі: Майқыдан Абайға дейін» кітабы бұл ағартушылық миссияны толықтай орындайды, - деп баға берді. 

Аталған еңбекте қазақ даласындағы от ауызды орақ тілді баба билердің, дала заңын ұстанудағы ұтымдылығы, тапқырлығы суреттеледі.

Тарихымызды тану – Абай өміріне тереңдеп үңілуден басталады. Бұл шығарманың ұрпақ санасын оятуға тигізер пайдасы зор.

 

Соңғы жаңалықтар