• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2025

Газ құбырының құрылысы жедел жүріп жатыр

110 рет
көрсетілді

«Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев «Талдықорған – Үшарал» магистралдық газ құбырын салу бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Бүгінде құбырдың магистралдық бөлігі толық­тай аяқталды. Технологиялық құбырлар мен жабдықтарға беріктік пен герметикалық төзімділігіне қатысты гидра­вли­калық сынақтар сәтті жүргізілді.

Қазіргі уақытта бір мезгілде 6 ав­томаттандырылған газ тарату стан­сасының (АГТС) құрылысы бел­сенді түрде жүріп жатыр. Олар: «Қа­пал», «Жансүгіров», «Сарқан», «Қой­­лық», «Қабан­бай»­, «Үш­арал». Аталған 6 стан­­саның ішінде 4-еуі – «Қапал», «Жансүгіров», «Сар­қан» және «Үшарал» – беріктік пен ­гер­­­­­ме­тикалылыққа сынақтан сәтті өтті. Бұл – қысыммен жұ­мыс­­­ істей­тін жабдықтардың қауіп­­­­­сіздігі мен сенім­ділігін қам­та­­ма­­сыз етудің ма­ңызды қадамы.

Жоспардан алда келе жатқан құрылыс жұмысына 126 арнайы техника бірлігі тартылған. 288 жұмысшы еңбек етіп жатыр. АГТС-тердің жалпы дайын­дығы 74% деп бағаланады. Газ құбырын пайдалануға беру 2025 жылғы тамызға жоспарланып отыр. Құ­бырдың ұзын­ды­ғы – 302,441 км. Жобалық қысым – 9,8 МПа. Жоба аясында 6 газ құбыры-бұрмасы мен 6 авто­маттандырылған газ тарату стансасы салынып жатыр.

Жоба Мемлекет басшысы­ның тапсырмасымен қолға алын­ған. Газ құбырының құрылысы 2024 жылғы тамызда Премьер-министр Олжас Бектеновтің Жетісу облысына жұмыс сапары барысында басталған еді.

Жобаны іске асыру нәтиже­сінде Ақсу, Сарқан және Ала­көл аудандарының 66 елді­ меке­нінде тұратын 134 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қо­сылу мүмкіндігіне ие болады. Бұл өз кезегінде кәсіп­керлік белсенділіктің артуына, шағын және орта бизнестің дамуына, сондай-ақ жаңа жұмыс орын­да­рының ашылуына мүмкіндік береді.