• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Шілде, 2025

Черногориядағы Абай орталығы

20 рет
көрсетілді

Черногорияның Ұлттық кітапханасында (Подгорица) қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай орталығы ­салтанатты түрде ашылды.

Іс-шара Қазақстан Рес­пуб­ликасының Сыртқы істер министрлігі мен Мә­де­ниет және ақпарат министр­лігінің қолдауымен ұйым­дастырылды. Алқалы жиын Абай шығармашылығын халықаралық деңгейде насихаттау мақсатын көз­дейді.

Абай орталығының ашылу салтанатына Черногорияның Қазақстан, Аустрия, Германия, Словакия, Испания, Италия, Мажарстан, Болгария, Түркия және Греция елшіліктері­нің дипломатиялық өкілдері, ­зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.

Абай орталығына жүзден аса құжат табыс етілді. Олар­дың ішінде қазақ, орыс, ағыл­шын, қытай, т.б көптеген тілге аударылған ақынның шығармалары, қарасөздері, абай­тану кітаптары, өмір жо­лы мен шығармашылығына қа­тыс­ты құнды деректер, сонымен қатар қазақ жазушылары Әбіш Кекілбайұлы, Кемел Тоқаев, Таласбек Әсем­құлов сынды ұлт зия­лы­­­ларының кітаптары бар. Бұл құжаттар Ұлттық ака­­­­­де­­миялық кітапхана мен Абай­дың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығынан алынды.