• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 11:37

Жезқазғанда жарықтандыру жұмысы жалғасып жатыр

30 рет
көрсетілді

Жезқазған қаласында қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және жайлы орта қалыптастыру мақсатында жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қаладағы көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жезқазған – Талап бағытындағы автокөлік жолында Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі тарапынан 55 дана жарық бағаны орнатылды. Жергілікті тұрғындардың сұранысына сәйкес Теміржолшылар көшесінде қосымша 10 жарық бағаны қойылды.

Жарықтандыру ісі мұнымен шектелмейді. 2025 жылдың тамыз айында Жезқазған қаласындағы аулаларды жарықтандыру жұмыстары қолға алынады.

Ұлытау облысы