• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жұмыс Бүгін, 16:48

Су саласында 25 мың маманның жалақысы өсті

40 рет
көрсетілді

1 шілдеден бастап «Қазсушар» кәсіпорнының қызметкерлерінің жалақысы көбейді. Енді олар жылу және электр энергетикасы саласындағы мамандармен бір деңгейде жалақы алады. Бұл өзгеріс 25 мыңнан астам қызметкерге қатысты. Жалақы орта есеппен 35-50 пайызға артты, деп жазады Egemen.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі Ләззат Жүсіпова бұл өзгерістің маңызын атап өтті:

«Су шаруашылығы саласында жалақының төмендігі – ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселе болатын. Енді жалақының көтерілуі осы салада жұмыс істейтін мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартады. Бұл тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, жастардың да осы салаға келуіне ынталандырады», деді ол.

Сонымен қатар бұған дейін маусымдық жұмыс істеген 279 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Жақын арада тағы 146 маман тұрақты жұмысқа орналасады. Осылайша, кәсіпорынның барлық 425 маусымдық жұмысшысы тұрақты жұмыспен қамтылады.

Бұдан бөлек, ауылдан қала мәртебесіне өткен елді мекендерде жұмыс істейтін мамандардың жалақысына 25% үстемеақы қосылатыны да хабарланды.