• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:10

Футболшы Бахтиер Зайнутдинов түркиялық клубтан кетті

20 рет
көрсетілді

Енді Қазақстан құрамасы тарихындағы ең үздік бомбардир ресейлік «Динамо» клубында доп тебеді. Тараздың тумасы Бақтиер Зайнутдинов бұған дейін Түркияның «Бешикташ» командасының сапында болды, деп жазады Egemen.kz.

«Тараз» футбол клубының түлегі 2017 жылы Қазақстандағы үздік жас футболшы атанған болатын.

2017 жылы 25 қарашада елордалық «Астана» командасына ауысып,  «Астана» сапында Ұлттық чемпионат пен Еурокубоктердегі бірнеше маңызды ойындарда алаңға шыққан. Жыл соңында Қазақстандағы «жаңа есім» номинациясына ие болған. 2018 жылы Астана клубымен ел чемпионы атағын алған. 

2019 жылы 12 қаңтарда Ресейдің «Ростов» клубына ауысып, 31 рет алаңға шығып 4 гол соққан болатын.

2020 жылы 25 тамызда Мәскеудің  ЦСКА клубымен 5 жылдық келісім шарт жасасып, 10-тур матчында ЦСКА үшін өзінің алғашқы голын Екатеринбургте «Орал» қақпасына соқты. 2023 жылы Ресей кубогі иегері атанды.

2023 жылы 21 тамызда «Бешикташ» клубына ауысты. Үш күннен соң УЕФА конференциялары лигасында «Динамо Киев» клубына қарсы ойында жаңа командасындағы тұңғыш ойынын өткізді. Екінші таймда алаңға шықты да, 90+5 минутта гол соғып, жаңа командасы құрамында жеңіс голын соққан.

Ресейлік команда Бахтиер Зайнутдинов үшін «Бешикташқа» 2,5 млн еуро төлеген. Енді жартылай қорғаушы отандасымыз  «Динамо» намысын 2029 жылға дейін қорғайды.