Сала министрлігі спортшылардың өткен аптадағы жарқын жеңістеріне шолу жасады, деп жазады Egemen.kz.
Таеквондо: Малайзияның Кучинг қаласында жастар арасындағы Азия чемпионатында ел спортшылары 3 алтын, 1 күміс, 7 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үздік үштікті түйіндеді.
Үстел теннисі: WTT Youth Contender (Алматы) халықаралық ірі турнирінде ел қоржынына екі күміс, бес қола, барлығы жеті жүлде түсті.
Теннис: Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында ATP 250 турнирі финалында әлемнің 100-ракеткасы, француз спортшысы Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салып, 6:4, 6:3 көрсеткіштерімен жеңіске жетті. Бұл – А.Бубликтің ATP додаларындағы жалпы жетінші, биылғы үшінші титулы.
Аралас жекпе-жек: Отандасымыз Асу Алмабаев (21-3-0) Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында UFC турнирінде сегізбұрышқа көтеріліп, қарсыласынан төрешілер шешімімен басым түсті.
Жазғы Универсиада: Германияда отандық спортшылар 1 алтын, 10 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 37-орынды иеленді.