• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Шілде, 2025

Тайланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыс ушықты

50 рет
көрсетілді

2025 жылғы 25 шілдеде, таңертең Таиланд пен Камбоджа шекарасында артиллериялық атыс дыбыстары қайта естілді. Бұл туралы Таиландтың Ұлттық телерадиохабар тарату қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Таиланд Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі орынбасарының айтуынша, бейсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 21:00-дегі жағдай бойынша Камбоджамен шекарада болған қарулы қақтығыстар салдарынан 14 тай азаматы қаза тауып, тағы 46 адам жарақат алған.

Халыққа шекаралас аудандарға сапар шегуден бас тартуға кеңес берілген.

Естеріңізге сала кетейік,  23 шілде күні шекара маңында мина жарылып, салдарынан бірнеше таиландтық сарбаз зардап шеккен.

Ал 24 шілдеде Таиланд пен Камбоджа арасында шекарада қарулы қақтығыс ушығып, атыс болған. Қарулы жанжал кезінде бейбіт тұрғындар да қаза тапқан.

 

Соңғы жаңалықтар