Ұлытау облысында әлеуметтік осал топтағы 3000-нан астам оқушыға қаржылай көмек беріледі. Бір реттік қаражат балаларды мектепке дайындау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы оқушыларға киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алу үшін тамыз айынан бастап төлене бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен қатар, 1 тамыздан бастап, аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады. Жаңа оқу жылына дайындық ретінде биыл облыстың 7 мектебінде күрделі, 2 білім ошағында ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Оған қоса, 24 мектеп 28 пәндік кабинеттерімен оның ішінде физика-6, химия-6, биология-5, STEM-6, робототехника-5 қамтамасыз етіліп жатыр. Ұлытау облысындағы білім беру ұйымдары 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін 1 сыныпқа құжаттар қабылдайды. Болжам бойынша 1 сыныпқа 4 393 бала мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Бүгінгі таңда 3 112 (71%) оқушы 1-сыныпқа қабылданды. Оның ішінде 2615 (84%) бала қазақ сыныбына қабылданды.
Ұлытау облысы