• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң 24 Шілде, 2025

Шерзат ісі бойынша сотталғандардың біреуі бостандыққа шықты

30 рет
көрсетілді

Адвокат Мейірман Шекеев Шерзат ісі бойынша сотталушылардың бірі бостандыққа шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мейірман Шекеевтің сөзінше, Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот 18 тамызда сағат 11:00-де Алматы облысы сотының ғимаратында өтеді.

- Сонымен қатар, Думан Ысқақ бірінші сатыдағы үкімдегі жазаны өтеп қойғандықтан Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, қамаудан босатылды, – дейді Шекеев.

Айта кетейік, 5 маусымда Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесіне нүкте қойылды.

Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен: Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды.

Равиль Сакиев 20 жыл, Шыңғыс Белғожаев 7 жыл; Дархан Әскентай 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда); Нұрбол Тоқтаубаев 7 жыл, Азамат Тоқтаубаев 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда), Дидар Қалиахмет 7 жылға, кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.