• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экспорт Бүгін, 12:16

Грузияға мұнай экспорты артады

20 рет
көрсетілді

Энергетика министрі Ерлан Әукенжановтың мәлімдеуінше, алдағы жылы Қазақстан Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) құбыры арқылы экспортталатын мұнай көлемін 1,5 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квиривишвилимен кездесу барысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Министрдің дерегіне сәйкес, 2024 жылы осы бағытпен 1,4 миллион тонна қазақстандық мұнай сыртқа шығарылған.

Кездесу аясында тараптар Грузия бағытының стратегиялық маңызын, Батуми портын дамыту мәселелерін және жасыл энергетика саласындағы ықтимал әріптестікті талқылады. Сонымен қатар, Транскаспий энергетикалық дәлізін жүзеге асыру және Қара теңіз арқылы өтетін кабель жобасына қатысты ынтымақтастық перспективалары назарға алынды.