• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:41

Ақтөбедегі автогаз бекетінде көлік өртеніп кетті

10 рет
көрсетілді

20 шілде күні Ақтөбе қаласы, Едіге батыр көшесінде орналасқан автогаз құю бекетінде 25 литрлік тұрмыстық газ баллонды толтыру кезінде өрт шыққан, деп жазады Egemen.kz.

Салдарынан жеңіл көлік толық өртке оранған. Оқиға орнына ТЖМ күштері шұғыл жетіп, қызыл жалынның АГЗС-тің резервуарлары мен инфрақұрылымына таралуының алдын алды. 

Өрт кезінде автогаз құю бекетінің операторы термиялық күйік алған. ТЖМ аймақтық департаменті оператордың дереу медициналық мекемеге жеткізілгенін хабарлады.