• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 09:33

Халықаралық сарапшы: Қазақстанның жаңа Су кодексі – Орталық Азия елдеріне үлгі  

20 рет
көрсетілді

Халықаралық су ресурстарын басқару институтының Орталық Азия бойынша аға ғылыми қызметкері Искандар Абдуллаев Қазақстанда қабылданған жаңа Су кодексіне жоғары баға беріп, аталған аймақтың басқа елдері үшін оң бағыттағы үлгі екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Сарапшының айтуынша, Жаңа Су кодексі – бұл Қазақстанның тәжірибесі мен үздік халықаралық тәжірибені біріктіретін кешенді құжат. Онда климаттың өзгеруін және су ресурстарының қалыптасу жағдайларының өзгеруін ескеретін көптеген жаңа элемент бар.

«Осы тұрғыдан алғанда, бұл құжат су заңнамасын жаңарту жолында Орталық Азия елдері үшін жақсы үлгі бола алады. Су шаруашылығы үнемі дамып отырады, онымен бірге жаңа сын-қатерлер де туындайды. Оларды еңсеру үшін мықты институционалдық негіз қажет», деді И.Абдуллаев.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше құжатты әзірлеу кезінде аталған министрлік 5 негізгі принципке сүйенді. Олар: суды қоршаған ортаның ажырамас бөлігі, азаматтардың өмір сүру негізі және экономикалық дамудың іргетасы ретінде тану, суды қорғау және оның сарқылуын болдырмау, жерүсті және жерасты суын кешенді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу және климаттың өзгеруіне бейімделу, су қорын қорғау мен пайдалануға қоғамды тарту.

Еске салайық, Жаңа Су кодексі биыл 10 маусымнан бастап күшіне енді.