• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:23

eGov жұмысы тоқтады

30 рет
көрсетілді

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2025 жылғы 19 шілде күні жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Жөндеу жұмыстары түнгі 02:00-ден таңғы 08:00-ге дейін жалғасады. Бұл кезең азаматтардың онлайн белсенділігі төмен уақытқа сәйкес таңдалып, қолайсыздықтарды барынша азайту көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Аталған уақытта келесі электрондық сервистер уақытша жұмыс істемейді:

• eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасы (соның ішінде «Цифрлық құжаттар» сервисі);

• e-Otinish және E-license порталдары, «Ашық үкімет» платформасы;

• ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (НУЦ РК) қызметтері;

• «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;

• Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған банктер мен басқа жүйелердің мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

Ресми мәлімдемеде азаматтарға техникалық үзіліс кезінде қажет болуы мүмкін құжаттардың түпнұсқаларын алдын ала дайындап, маңызды операцияларды жоспарланған мерзімнен бұрын аяқтау ұсынылған.