• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:01

Жамбыл облысында қарбыздың алғашқы өнімі жиналды

10 рет
көрсетілді

Аталған өңірде шаруа қожалықтары қарбыздың алғашқы өнімін жинап жатыр, мұнда суару маусымы 20 күнге ерте басталған. Бұған себеп – ауа температурасының жоғары болуы және жауын-шашынның болмауы. Осыған байланысты өңірде суармалы суды әділ бөлу мақсатында егістік алқаптарды кезекпен суару ұйымдастырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Өңір диқандары сала министрлігі мен «Қазсушардың» жергілікті филиалына алғыс білдірді.

«Суды уақытылы бергендіктен, қарбызымызды дер кезінде суарып үлгердік. Қазір Астана, Қарағанды, Алматы және басқа қалаларға өнімімізді жөнелтіп жатырмыз. Су беру мәселесін бақылауда ұстағаны үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғысымызды білдіреміз», деді диқан Талғат Тойшыбеков.

«Қарбыз ектік, жақсы өнім алдық. Су шаруашылығы мамандары мен диқандардың бірлескен жұмысының арқасында су уақытында жеткізіліп, нәтижесінде мол өнім алдық», деп атап өтті Ерлан Қоштаев.

Министрліктің мәліметінше «Қазсушардың» Жамбыл филиалы жергілікті шаруалармен су жеткізу бойынша 3852 келісімшарт жасасқан. Бүгінде шамамен 61 мың гектар егіс алқабы суарылып, 512 млн текше метрден астам су берілген. Бұл ретте су тек тиісті келісімшарт болған жағдайда ғана жеткізіледі.