• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 08:25

Ислам банкіне сенім артылды

10 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «ADCB» Ислам банкінің басқарма төрағасы Гордон Хаскинспен кездесу өткізіп, ел экономикасына құйылатын инвестициялар көлемін арттыру мәселесін талқылады.

2010 жылы Қазақстан мен БАӘ арасындағы үкіметаралық келісім негізінде құрылған «ADCB» Ислам банкі – ТМД кеңістігіндегі алғашқы ислам банкі. 15 жыл ішінде қаржы инс­титуты еліміздегі түрлі жоба­ларға 3 млрд доллардан астам қара­жат салған. Солардың қата­рында Атыраудағы поли­этилен өндіретін зауыт (Silleno), АтМӨЗ бен ПМХЗ-да сутегі мен азот өндіру қондырғылары, теміржол инфрақұрылымын жаң­ғырту сияқты ірі жобалар бар.

Банк сондай-ақ «Даму» қо­рымен бірлесіп, экономика­ның басым секторларындағы кәсіп­кер­лерге 25 млрд теңге бағытта­ған. Қор басшысы Фархат Сәр­­сековтің айтуынша, бизнес та­рапынан исламдық қаржы­лан­дыру құралдарына қызығу­шы­лық жоғары.

Кездесу барысында тараптар ислам банкингін Қа­зақстанның салық заңнама­сымен үйлес­тіру жолдарын және ынтымақ­­тастықты кеңейту перспекти­вала­рын талқылады. ADCB өкіл­дері болашақта қазақстандық жо­баларға қаржыландыруды ұлғайтуды жоспарлап отырған­дарын жеткізді.

Серік Жұманғарин банкке агроөнеркәсіп кешені, әсіресе мал шаруашылығы бағытына инвестиция құюды ұсынды. Себебі Қазақстан Таяу Шығыс елдеріне жо­ғары сапалы ет өнімдерін тұрақты экспорттап келеді әрі бұл нарық перспективалы бағыт ретінде бағаланып отыр.