• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шахмат Бүгін, 19:58

Бибісара Асаубаева көш басына шықты

30 рет
көрсетілді

Шахматтан Кипрде өтіп жатқан «Үміткерлер турнирінің» 13 турында Бибісара Асаубаева украиналық Анна Музычукпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Ақ фигуралармен ойнаған ол азулы қарсыласынан айласын асырды. Сөйтіп, ұпай санын 7,5-ке жеткізген қазақ қызы осыған дейін жеке-дара көш бастап келген үндістандық Вайшали Рамешбабуді қуып жетті. Қазіргі кезде есімдері аталған ойыншылар бірінші және екінші орынды өзара бөлісіп жатыр.

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте тоғызыншы орынға көтерілді

Соңғы 14 турда Бибісара Үнді елінің тағы бір өкілі Дивия Дешмукхмен шеберлік байқасады.

Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді

Соңғы жаңалықтар