• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 15:15

Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру-жетілдіру жөніндегі ҚР заңына қол қойылды

20 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңмен Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне, «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» және басқа да заңдарға түзету енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы қылмыстық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Түзетулердің екінші блогы қылмыстық заңнаманы жетілдіруді және кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілікті арттыруды көздейді.

Түзетулердің үшінші блогы қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процесті оңтайландыруға бағытталған.

Түзетулердің төртінші блогы қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге арналған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.