• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет Кеше

Министрлік «Интервидение – 2025» байқауында бақ сынайтын өнерпазды атады

30 рет
көрсетілді

Биыл 20 қыркүйек күні Ресейде халықаралық музыкалық «Интервидение – 2025» байқауының финалы өтеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі осы байқауда Қазақстан атынан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Amre лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев қатысатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ернар Садырбаев – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Pop, pop-classic, latino және R&B бағыттарында орындайтын әнші халықаралық фестивальдер мен байқаулардың жеңімпазы.2018 жылы Ернар Садырбаев Витебск қаласында өткен «Славян базары» фестивалінде бірінші орын иеленген.Әншінің тағы бір жеңісі – ресейлік «Голос» жобасына қатысуы. Бұл шоуда ол Дима Биланның командасына қосылып, финалға дейін жеткен.