• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шахмат Бүгін, 11:20

Имамдар шахматтан жарысқа түсті

10 рет
көрсетілді

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда имамдар арасында шахматтан турнир өтті. Жарысты ұйымдастыруға Қазақстан шахмат федерациясы мұрындық болды. Турнир «Muftiyat Chess Open Cup – 2025» деп аталды. Дода халықаралық шахмат күніне орай және Қазақстан мұсылманды діни басқармасының құрылуына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте 200- ден астам мешіт болса, соның отызға жуық дін қызметкері жарыста шахматтың жылдам түрі яғни рапид бойынша бақ сынады. Ұйымдастырушылар шахмат зияткерлік ойын, сондықтан имамдардың рухани ілімімен қоса зияткерлік қабілетін де дамытуды мақсат тұтқандарын айтады.

«Шахматтан өткен спорттық ойын имамдар арасында ұйымдастырылған алғашқы спорттық бәсеке. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінмен бірге адамның физикалық, ақыл-ойының дұрыс дамып, қалыптасуын қолдайды. Осыған байланысты мүфтият жыл сайын түрлі бағытта спорттық іс-шараларды қолға алып келеді. Шахмат жөнінде айтсақ, бұл адамның ой өрісін дамытатын ойын. Сондықтан адам шахматты үйреніп оны әрдайым ойнап тұру керек. Шахмат ұлттың қаншалықты зияткер ақылды екенін көрсетеді. Дамыған мемлекеттерде сондықтан халық шахмат ойнағанды жақсы көреді. Біздің елде де шахмат жақсы дамып келеді. Тіпті бұл жөнінде Президент шахматты мектеп бағдарламасына енгізу керектігі жайында арнайы  бастама көтергені белгілі. Сол үшін де Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында еліміздің мұсылмандар діни бірлестігі шахматтан үлкен турнир ұйымдастырды» деді Шымкент қаласы орталық мешіті имамының орынбасары Ахметжан Керімбек. 

Шахматтан турнир келешекте дәстүрлі спорттық бәсеке болады деген болжам бар. Ал кешегі жарыстың жүлде қоры 200 мың теңгені құрады. Туринрде орын алған барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шымкент