• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:20

Бүгін елімізде ауа райы тұрақсыз болады

30 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, елдің оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Батыс аймақтарда да дауылды жел тұруы ықтимал. Солтүстік және орталық өңірлерде түнгі уақытта тұман түсуі күтіледі.

Астана қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +25…+27°C шамасында болады. Түнде желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с, кей сәттерде екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді.

Алматы қаласында күн бұлтты, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +27…+29°C. Желдің жылдамдығы 5–10 м/с аралығында.

Шымкент қаласында күн ала бұлтты, найзағайлы жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы +30…+32°C. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с.