• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 11:35

Отандық он екі кәсіпорынның өнімі халықаралық көрмеге ұсынылды

10 рет
көрсетілді

Кеше Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында «ИННОПРОМ» XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өз жұмысын бастады. Аталған іс-шараға қатысқан қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы көрмеге 17 елдің ресми өкілдері мен бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Іскерлік бағдарлама аясында 11 мыңнан астам ұйым мен компания қатысатын 100-ден астам іс-шараны өткізу жоспарланған.

Панельдік сессиялар басталар алдында делегация басшылары Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының ұлттық экспозицияларын, сондай-ақ көрменің серіктес елі – Сауд Арабиясының стендін аралаған.

Қазақстанның ұлттық экспозициясында металлургия, машина жасау, ауыр өнеркәсіп және халық тұтынатын тауарлар өндірісі салаларын қамтитын 12 жетекші кәсіпорынның өнімдері мен жобалары ұсынылған.

Көрме аясында өткен стратегиялық сессияның басты тақырыбы – «Технологиялық көшбасшылық: индустриялық серпіліс» болды.

Сонымен қатар сессия барысында Роман Скляр Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі жетістіктеріне тоқталып, саланың болашақ даму перспективаларын таныстырған. Сондай-ақ басқа елдермен өндірістік кооперацияны дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, инвестиция тарту сынды маңызды мәселелерді көтерді.