• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:38

Су саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда су шаруашылығы саласында еңбек ететін мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап су саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өсіп, орта есеппен 204 мың теңгені құрады (бұрынғысы — 163 мың теңге). 

«Бұл ретте Министрлік 2024 жылғы желтоқсаннан бастап су саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға қатысты «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, мемлекеттік органдармен, аккредиттелген ұйымдармен, «Атамекен» ҰКП-мен және барлық мүдделі тұлғалармен келісілген тиісті түзету әзірленді. ҚР Үкіметінің оң қорытындысы алынды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, биылғы наурыз айында Мәжіліс депутаттары мақұлдаған «Аквамәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Сенат қарауына жолданды. Аталған түзетулер қабылданған жағдайда, 2025 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап су саласы қызметкерлерінің жалақысы тағы 50 пайызға өсіп, 305 мың теңгеге дейін жетеді.