• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Білім Кеше

«Үздік педагогке» 3,9 миллион теңге беріледі

30 рет
көрсетілді

Елімізде ұстаздарды қолдауға бағытталған «Үздік педагог» байқауы басталды. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, жеңімпаздарға 1000 АЕК (3,9 млн теңге) көлемінде мемлекеттік сыйақы табысталады, деп жазады Egemen.kz.

«Үздік педагог» Республикалық конкурсы 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.  Осы уақытқа дейін 700-ге жуық педагог конкурс жүлдегері атанған. 

«Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады.

Жарысқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

1-кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-25 шілде);

2-кезең – облыстық деңгей (28 шілде- 15 тамыз);

3-кезең – республикалық деңгей (18 тамыз – 18 қыркүйек).

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz  веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Министрлік байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі де ескерілетінін атап өткен.