• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Күрес Бүгін, 17:20

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық

20 рет
көрсетілді

Былтыр Иорданияның астанасы – Амманда әйелдер күресінен өткен жарыста Жәмиля Бақбергенова (72 кг) алтыннан алқа тақса, Зейнеп Баянова (53 кг) қолаға қол созды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ал биылғы нәтижеміз одан да төмен болды. Жоғарыда есімдері аталған қос балуан алғашқы айналымнан аса алмады. Жаһандық жарыстарда үнемі жүлдегерлер қатарынан көрініп, Азияда алдына жан салмай жүрген Жәмиля ойда-жоқа үндістандық Харшита Харшитадан бір ғана ұпай ұтылды. Жуырда Тирандада Мұхаммед Малоның турнирінде топ жарып, бабының жақсы екенін байқатқан Зейнеп Бішкекте білгенінен жаңылды. Ол әлем және құрлық чемпионы, жапониялық Мое Киюоокаға жарытып қарсылық көрсете алмады. Сондай-ақ, Шұғыла Өмірбек (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Виктория Хусаинова (59 кг) және Айжан Сүйдуова (65 кг) тұсаукесер кездесулерінде жеңілістің кермек дәмін татты.

Марал Тәңірбергенова (50 кг) мен Елена Шалыгина (68 кг) да «шу» дегеннен сүрінді. Оларды ұтқан спортшылар финалға шыққанының арқасында жерлестерімізге үшінші орын үшін таласуға жол ашылды. Бірақ бұл мүмкіндікті екеуі де ұтымды пайдалана алмады. Марал қытайлық Зигу Фенгке оңай ұтылды. Жасы 40-қа таяған Еленаны моңғолиялық Делгерма Енхсайхан тушеге қойды.  

Қырғызстанның астанасында өнер көрсеткен 10 бұрымдымыздың тек екеуі ғана жартылай финалға дейін жетті. 76 кг салмақтағы Гүлмарал Еркебаева Оңтүстік Кореяның өкілі Еунжу Хванды қапы қалдырып, қола медальді еншіледі. Ал 62 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Тыныс Дүбек үшінші орын үшін бәсекеде моңғолиялық Цереншимед Секхенің осал тұсын таба алмады. Сөйтіп, Қырғызстан сапарынан Қазақстанның әйелдер құрамасы жалғыз жүлдемен оралды.

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық

Жалпы командалық есепте Қытай (5+1+4) озды. Аспанасты елінің арулары барлық салмақта жүлде алды. Жапония (3+4+2) екінші орында қалып қойды. Ал Қырғызстан (1+1+3) мен Моңғолия (1+1+3) үшінші және төртінші орынды өзара бөлісті. Одан бөлек, Солтүстік Корея (0+2+0), Үндістан (0+1+4), Өзбекстан (0+0+2), Қазақстан (0+0+1) және Оңтүстік Кореяға (0+0+1) жүлде алу бақыты бұйырды.     

Әйелдер күресінен Азия чемпиондары

50 кг – Юи Сусаки (Жапония), 53 кг – Жин Жанг (Қытай), 55 кг – Совака Учида (Жапония), 57 кг – Кексин Хон (Қытай), 59 кг – Менжу Хие (Қытай), 62 кг – Нонока Озаки (Жапония), 65 кг – Лили Лили (Қытай), 68 кг – Мейірім Жұманазарова (Қырғызстан), 72 кг – Жия Лонг (Қытай) және 76 кг – Даваанасан Енхамар (Моңғолия). 

Соңғы жаңалықтар