• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 09:25

Оқушылардың озық идеясы

30 рет
көрсетілді

Биыл сәуір айында Алматыдағы физика-математика ба­ғы­­тын­дағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Space Settlement Contest» байқауында жеңіске жетіп, елі­міз­дің атынан жыл сайын өтетін ғарыш саласындағы «ISDC-2025» атты халықаралық конференцияға шақырту алған еді.

Жақында бұл ауқым­ды жиын АҚШ-тың Флорида штатын­дағы Орландо қаласында өтті. Оған жан-жақтан жеңімпаздар жиналды. Біздің оқушылар таныстырылымда өз жобаларын жақсы ашып көрсете білді. Әсіресе жобаның ғылымилығы мен терең философиясы қазылар мүшелерін үлкен әсерге қал­дыр­ды. Қазылар құра­мы да олқы емес. Олар «NASA» ин­же­нер­лері, астрофизик­тер, зерт­­теу­ші­лер мен әр елден келген беделді бизнесмендерден құ­рал­ған.

Оқушылар жасаған жоба «YURT» деп аталады. Бұл атау қазақ­­тың киіз үй құрметіне қойылған. Бір жағынан, киіз үй – халқымыз үшін киелі дүние. Рәміздік мәні де зор.

Айта кетейік, «YURT» жобасы жердегідей тартылыс күші бар, 30 мың адам ұзақ уақыт өмір сүре алатын автономды орбиталық стан­са ретінде әзірленген. Жоба­ға жабық экожүйелер, жер мен басқа ғаламшар арасындағы логис­­­тикалық байланыс, сондай-ақ тұрақты энергетика мен ре­сурстық инфрақұрылым кірген.

«Еліміз ғарыш қауым­дас­ты­ғы­ның бір бөлігі саналады. Соны­мен қатар осы бағыт­тағы ғы­лыми даму жұмыстарын үзбей жал­ғастырып келеді. Біз жасаған стан­саның да өз ерек­ше­лігі бар. Бұл жоба да бір күні іске асар деп сенеміз. Ең маңыздысы – ғарыш саласы туралы идеяларымызды әлем­мен бөліскенімізге қуаныш­ты­мыз», дейді жоба ­авторлары.

Таныстырылым барысында оқушылар өз жобалары жа­йында қызықты баяндама жасады. Оған «International Space Elevator Consortium» ұйымының бас сәу­лет­­шісі, доктор Питер А.Суон тән­ті болды. Ол біздің бала­лардың жо­ға­ры деңгейдегі да­йын­ды­ғы мен күрделі тех­ни­ка­лық тақы­рып­­тарға ынтасы ерек­ше екенін атап өтті.