Әйгілі «Қыз Жібек» фильмінде Төлеген мен Жібектің некесі қиылған соң махаббат нышаны ретінде айдында жүзіп жүрген аққуларды көрсететін эпизод бар. Бірақ сезімтал тіршілік иелері бір-біріне жақындамай, екі жаққа жүзіп, түсірілім тобын біраз әбігерге салған.
Сол кезде режиссер Сұлтан Қожықов пен композитор Нұрғиса Тілендиев ақылдаса келе, алдын ала таспаға жазылған «Аққу» күйін қосып кеп жібереді. Күйдің әуені естілген сәтте-ақ, екі аққу бір-біріне баяу жақындап келіп, бастарын түйістіріп, ырғала билей жөнеледі. Осылайша, түсірілім тәртібіне бағынғысы келмеген ерке құс, күй құдіретіне елітіп, таспада тамаша кадр тудырыпты.