• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:37

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

30 рет
көрсетілді

Елордада тағы бір жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан бірнеше адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем қызметі дереу жетіп, зардап шеккен жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Үшеуі алғашқы көмектен кейін үйлеріне жіберілген. Ал травматология орталығына жеткізілген тағы бір азаматтың жағдайы қалыпты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Астана қалалық Полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, жол апатына автобус жүргізушісінің кінәсі себеп болған. Ол қиылыста келе жатқан Ford маркалы көлікке жол бермей, соқтығысқа жол ашқан.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.