• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Зерде Бүгін, 11:46

Талдықорғандық оқушы Еуропа олимпиадасында топ жарды

30 рет
көрсетілді

География пәні бойынша Еуропа олимпиадасы (EGeo) Литва елінде өтті. Аталған білім бәйгесінде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеті медаль жеңіп алды. Талдықорған қаласындағы №24 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы – Дарын Бекбол топ жарды. Ол кіші (жасөспірімдер) санатында (12-15 жас) ең үздік атанып, алтын медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша қола жүлдені Шымкент қаласындағы НЗМ-нің 9-сынып оқушысы – Микаэль Почукаев жеңіп алды.

Негізгі (үлкен) жас санатында (16–19 жас) Қазақстан құрамасының қоржынына медаль салғандар:

– Қостанай қаласындағы НЗМ 10-сынып оқушысы Андрей Енбахтов;

– Талдықорған қаласындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Ақжол Болат;

– Ақтөбе қаласындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Алихан Калмагамбетов;

– Павлодар қаласындағы НЗМ 11-сынып оқушысы Мансур Тұрсынғалиев;

– Талдықорған қаласындағы НЗМ 10-сынып оқушысы Рамиль Имашев.

Команданың жетекшілері мен жаттықтырушылары – республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегерлері Абай Дүйсен мен Ақберен Айжарық.

Айта кетелік, EGeo олимпиадасы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Басты мақсат – география және экология саласына қызығушылықты арттыру. Байқау үш кезеңнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тапсырма және дала туры. Барлық тапсырмалар ағылшын тілінде орындалады. 2024 жылы Қазақстан құрамасы алты медаль еншілегені мәлім.