• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Тағзым Бүгін, 07:55

Әуезов шығармашылығы ұлықталды

20 рет
көрсетілді

Амстердам қаласында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдарының қазақ және түркі әлемін зерттеуге қатысты еңбектерін таныстыруға арналған «Түркі халықтары әдебиетін зерттеу» атты конференция өтті. Аталған іс-шараны Қазақстанның Нидерландтағы елшілігі мен «Юнус Эмре институты» түрік мәдениеті орталығы бірлесе ұйымдастырды.

Сондай-ақ бұл конференция М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ҒЖБМ ҒК-нің гранттық қар­жы­ландыруымен жүзеге асырылып жатқан «Түркі мә­дениетіндегі Мұхтар Әуезов әлемі» атты жобасы аясында ұйымдастырылғанын да айта кетейік.

Конференция барысында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен көрнекті қазақ жазушысының мұражай-үйінің ғалымдары еуропалық әріптестеріне он­шақты ғылыми монография­сын ұсынды. Бұл ғылыми монографиялардағы зерттеулер Мұхтар Әуезовтің бұрын-соңды жарияланбаған, көп таныстырылмаған еңбек­тері мен архив деректеріне негізделген. Атап айтқанда, ғалым Гүлзия Пірәлінің «Мұх­­­тар Әуезов және «Ма­нас» эпо­сын зерттеу мәсе­ле­­лері», «Мұхтар Әуезов және Жамбыл» атты тың мәлі­меттер негізінде жазыл­ған еңбектерінде манастану, түркітану салала­рына қатысты бұрын айтыл­ма­ған мәліметтер бар. Кон­ферен­циядан бөлек Зифа-Алуа Әуезованың ре­дактор­лы­ғымен академик Кен­жехан Матыжанов және Гүлзия Пірәлі, Диар Қонаев, Ер­­мек Қаныкей, Салтанат Аман­­тайқызы секілді әуезов­тану­­шы ғалымдардың Мұх­тар Әуезов пен оның түркі әлемін зерттеудегі рөлі зер­деленген ма­қалалары топ­тастырылған «Literary studies of Turkic. Kazakh and Central Asian perspectives» атты жинақ шықты. Отан­дық ға­лымдардың бұл жинақ­тары­нан голландиялық зерт­теуші­лер түркологтер мен әдебиет­танушылардың КСРО кезінде және посткеңестік кеңістікте қандай зерттеулермен айналыс­қанымен таныса алады.