Бүгін, 3 шілде күні сағат 13:58-де, Астана уақыты бойынша Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сейсмологиялық станциялар желісінің мәліметінше, жерасты дүмпуі солтүстік ендік 37.23°, шығыс бойлық 70.88° координаттарында болған. Зілзаланың магнитудасы mb = 5, ал энергетикалық класы K = 10.9 деңгейінде тіркелген.
Айта кетейік, бұл Ауғанстанда соңғы күндері тіркелген екінші жер сілкінісі. Естеріңізге сала кетейік, 30 маусым күні таңғы сағат 07:32-де де дәл осы өңірде жер дүмпуі байқалған еді.
Сонымен қатар соңғы уақытта әлемнің әртүрлі бөліктерінде сейсмикалық белсенділік артқаны байқалады. Мәселен, Жапонияда соңғы екі аптаға жуық уақытта 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелген.