• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әскер 03 Шілде, 2025

Биыл Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 25 жыл толады

30 рет
көрсетілді

2025 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 25 жылдығына орай 35-десанттық-шабуылдау бригадасының базасында салтанатты шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шараға құрметті қонақтар, ардагерлер, әскери қызметшілер және жастар қатысады.

Бағдарламада:

Салтанатты митинг;

Жауынгерлік шеберліктерді көрсету;

35-десанттық-шабуылдау бригадасы әскери қызметшілерінің плацқа парашютпен қонуы;

Әскери және шығармашылық ұжымдардың концерті.

Іс-шараға сынақшы-ұшқыш, ғарышкер, Халық қаһарманы генерал-лейтенант - Талғат Мұсабаев, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасының кеңесшісі - Бейбіт Баяндин, Халық қаһарманы подполковник - Азамат Жұмаділов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – Алуа  Байқадамова, парашютші-спортшы, Қазақстанның және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы - Ирина Филина шақырылды.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі басшылығы және Қарулы күштер ардагерлері қатысады.

Айта кетейік, іс-шара 5 шілде күні сағат 09:00-де 32363 әскери бөлімшесінде өтеді.