• RUB:
    6.6
  • USD:
    518.37
  • EUR:
    609.97
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

Қазақстанда 47°С-қа дейін күн ысиды

100 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері  4-5 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 43-47°С-қа дейін көтеріледі. Бұл күндері Қазақстан аумағында ауа райының қалыптасуына циклон және оған байланысты атмосфералық фронтальды жүйелер ықпал етеді.

Сол себепті республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында найзағайлы өткінші жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа райы негізінен құрғақ болады.

Батыс пен оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл мен қатты жел күтіледі.

Күндізгі уақытта еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы 35°С-қа дейін ысиды. Ал орталық және шығыс өңірлерде күн 40-42°С-қа дейін ысып, аптап ыстық болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 35-40°С ыстық күтіліп, кей жерлерде 43-47°С-қа дейін көтеріледі.