• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2024

Топқайың тұрғындарына ауыз су қашан беріледі?

0 рет
көрсетілді

Катонқарағай ауданының Топқайың ауылында ауызсу әлі жоқ. Тұрғындардың бір бөлігі өзеннен су тасып, ішсе, енді бірі ауыл ортасындағы жалғыз құдыққа қарап отыр, деп жазады Egemen.kz. 

Бұл мәселе жыл басында сан мәрте көтерілген. Ал аудан әкімдігі«Топқайыңдағы су құбырын жүргізу бойынша 2025 жылға 77 млн бөлінді. Былтыр мердігер «QazContruction» компаниясымен қайтадан үшжақты меморандум жасалып, жұмысын жалғастырып жатыр. 2024 жылдың аяғына дейін барлық ауыл ішіндегі абоненттерге дейін, үйінің қоршауына дейін су құбырларын тарту жұмыстарын бітірді. Жұмыстарды 2025 жылдың 30 маусымына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр» деген.

Өкініштісі, уәде орындалмады. Жуықта ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Катонқарағай ауданы әкімі Данияр Дүйсембаев «Тоңқайыңды ауызсумен қамту жобасы биыл толық жүзеге асырылады» деген. Иә, күні мен айын нақтыламады.

Ауыл тұрғындары болса, ендігі үміт Президентте деп отыр. Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық елді мекендерін жүз пайыз ауызсумен қамтамасыз ету туралы тапсырма берген. Оның орындалу-орындалмауы уақы еншісінде.