• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:27

Қазақстан әуежайларында жолаушыларды бет-әлпет арқылы тіркеу енгізіледі

Қазақстан әуежайларында ішкі рейстерде төлқұжаттарды бақылау уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартатын Q-Gate цифрлық жүйесін қолдану аясы кеңейіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүйе қазір Астана және Алматы әуежайларындағы 16 терминалда жұмыс істейді. Жыл соңына дейін Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларында тағы 16 терминалға орнатылады.

Келесі кезең Астана мен Шымкент арасындағы ішкі рейстерде биометриялық жүйені қолдану бойынша пилоттық жоба болмақ.

Цифрландыру әуе жүктерін тасымалдауға да әсер етеді. Жаңа e-Freight ақпараттық жүйесі әуе жүктерін өңдеуді толығымен электронды түрде беруге мүмкіндік береді.

Бұл жүкті өңдеу уақытын бір күннен бір сағатқа дейін қысқартады.

Бұған дейін Астана қаласында 2035 жылға дейін екінші әуежай салынатыны туралы жаздық.

 

 
Соңғы жаңалықтар