Қытайдың орталық және оңтүстік өңірлерінде болған су тасқыны салдарынан кемінде тоғыз адам қаза тауып, он мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Табиғи апат ең қатты әсер еткен аймақтар — Хэнань, Хубэй және Гуйчжоу провинциялары. Бұл өңірлерде өзендер арнасынан асып, көшелер мен үйлерді, сауда орындарын су басты. Кейбір жерлерде су бөгеттерді бұзып, инфрақұрылымға едәуір залал келтірген.
Қазіргі таңда сегіз адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқару қызметтері іздестіру және эвакуациялық жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Сарапшылар биылғы су тасқынын соңғы жылдардағы ең ауқымды апаттардың бірі ретінде бағалап отыр. Мамандар урбанизация қарқынының жоғары болуы табиғи апат салдарын ауырлатып отырғанын алға тартқан.