• RUB:
    6.6
  • USD:
    518.37
  • EUR:
    609.97
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Қайтарылған қаражатқа медициналық нысан салынады

20 рет
көрсетілді

Елімізде Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қайтарылатын қаражат әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.

Үкімет Қарағанды облысында 51 медициналық мекеменің құрылысы жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 5,9 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Оларды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Шет, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра және Осакаров аудандарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар, сондай-ақ фельдшерлік-аку­шерлік және медициналық пункт­тер салынады. Оларды жүзеге асыру шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін медици­налық қызметтердің қолжетім­ділігін арттыруға бағыттал­ған. Медициналық қызметке қол­жетімділік, алдын алу жұ­мыс­тары, ерте диагностика, сондай-ақ төтенше жағдайлар­да алғашқы көмек көрсетіледі.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 655 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарлан­ған. Бүгінгі таңда 480 нысан­ның құрылысы аяқталды. Алғаш­қы ме­дициналық-санитарлық көмек нысандарын салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар Арнаулы мемлекеттік қордан да қаржы қарастырылған.