• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Шілде, 2025

Ерболат балуанды еске алу шарасы өтті

90 рет
көрсетілді

Қазақтың талай апайтөс балуандары шыққан киелі Ақсуат жерінде тағы да бір дүбірлі дода өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

9–10 маусым күндері Қазақстанның спорт шебері, самбо күресінен Азия чемпионы, Қазақстанның түйе балуаны Ерболат Дүйсенбаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 2012–2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Ақсуат ауданының ашық турнирі болып өтті.

Турнирде Семей қаласы, Тарбағатай ауданы, Екпін, Құмкөл, Ойшілік, Тана Мырза, Қарғыба, Кіндікті және Ақсуат ауылынан 60-қа тарта спортшы өзара күш сынасты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дайындалған дипломдар, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Турнирде «Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациясымен Серік Шыңғыс және Қайратбек Бақдәулет, «Ең жас балуан» — Сержан Диас, «Үздік әдіс жасағаны үшін» номинациясымен Жарқынғазы Нұрғазы арнайы медальмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Абай облысы