Қазақстан құрамасы еркін күрестен Түркияның Кожаели қаласында өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, ұлттық құрама жарысты бес медальмен аяқтады.
Алтын жүлдені Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) пен Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) жеңіп алды. Сондай-ақ команда қоржынына үш күміс медаль түсті. Олардың иегерлері: Начын Куулар (70 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) және Әлішер Ерғали (125 келіге дейін).
«Командалық есепте Қазақстан екінші орынға ие болды. Бірінші орынды Түркия еншілесе, үшінші орынды Болгария иеленді», делінген хабарламада.