Атырау облысының Жылыой ауданында жеті инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жобаның басым бөлігін Құлсары қаласында іске асыру жоспарланған.
«Биыл Құлсары қаласында жолдарды қайта жаңғыртудың төртінші кезеңі басталды. Бұл жобада 75,2 шақырым жол жаңғыртылады. Су таразарту және көтергіш сорғы стансаларын салу жоспарланып отыр. Моноқаланың әр бөлігінде жаяу жүргіншілерге арналған тротуар мен веложол салынады» деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Моноқаладағы «Барлаушы» шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, өлекселер моласын салу көзделген. Сондай-ақ, И.Тайманов көшесіндегі 25 метрлік, Ұ.Әбдрахманов көшесінде 29,4 метр көлік көпіріне күрделі жөндеу жүргізіледі.
Сондай-ақ, Ақкиізтоғай тарихи мекеніне дейінгі 34,8 шақырым жол жаңғыртылады. Бұл – Бекет атаның кіндік қаны тамған мекен. Мұнда оның атасы Жаналы, әкесі Мырзағұл мен анасы Жәния, ұлы Тоғай мәңгілік тыныстаған.