• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Пікір 28 Маусым, 2025

«Нөмірдің нүктесі» неге қойылмай жүр?

140 рет
көрсетілді

«Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті» деген Міржақып Дулаттың сөзін негізге алсақ, журналистердің жауапкерші­лігі мен қоғамдағы орны маңыз­ды екені айқын­дала түседі.

Ба­ла кез­ден газет-журналдан қол үзген емес­­піз. Жылдар бойы үзбей жаз­дырып алып оқитын газе­тімнің бірі де бірегейі – «Egemen Qazaqstan». Басы­лым­ның тұ­рақ­­ты оқырманымын және ма­қа­ла­ларым­ды жолдап отырамын.

Тіршілігіміз Түркістан өңірі­мен тікелей байланысты болған соң да, газетті алған соң, бірден облысқа қатысты мақа­ланы іздеп, оқып шығамыз. Осы орайда Ғалымжан Елші­байдың өңірдегі өзекті мәселе­лерді талдап, тарата жазған мақа­ла­ларын, жазушы Мархабат Байғұт, ұстазы Темірбек Қожакеев туралы жаз­ған толғау-эсселерін жалпы оқырман қауым жоғары бағалады. Сондай-ақ басылымның «Білім», «Әдебиеттің әңгімесі» бетін оқығанды ұнатамын. «Зерде», «Руханият» айдарымен жа­­­­рық көретін журналистердің, автор­лардың шығармалары да оқы­лымды. Көкшетаулық журналист Байқал Байәділдің «Қаз-қалпында» айда­ры­мен жарияланып жүрген еңбек­тері өте шынайы. Ой салады. Бекен Қайратұлының этно­гра­фиялық этюд­те­рі де қы­зықты.  Жалпы, «Egemen Qazaqstan»-ның әр нө­мірінен оқитын мақала көп. Де­ген­мен менің жеке пікі­­рім, газеттің соң­ғы бетіне қо­йы­латын «Нүкте» көрін­бей қалды.

 

Ғалымжан ШӘМШІДІНҰЛЫ,

Жұмабек Тәшенов атындағы университет проректоры

 

Түркістан