• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:30

29 ақпанда шығатын газет

30 рет
көрсетілді

Францияда «La Bougie du Sapeur» деген ерекше газет бар. Ерекшелігі сол, бұл басылым тек 29 ақпанда, яғни төрт жылда бір жарық көреді

Осы күнге дейін бұл газет бар болғаны 11 рет шыққан екен. Соған қарамастан, әр нөмірінде әзілге, шаржға, қызықты мақалалар мен фельетондарға толы контент жарияланып тұрады. Тағы бір күлкілі тұсы — газеттің ішінде кроссворд та бар. Бірақ оның жауабын сегіз жылдан кейін ғана көре аласыз.

Айтпақшы, бұл газетті бірден 100 жылға жаздырып қоюға да болады. Бағасы – 100 еуро. Бір сөзбен айтқанда, әзіл сүйетін жандар үшін таптырмас коллекциялық басылым.