• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Астанада LRT вагондарына салынған сурет өшірілді

30 рет
көрсетілді

Астана қаласында LRT вагондарына салынған граффити арнайы тазалау құралдарының көмегімен жойылды. Бұл туралы City Transportation System компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу вагондарды жобалау кезеңінде-ақ ескерілген. Вагондардың сырты арнайы қорғаныс материалдарымен жабдықталғаннан кейін бояу беткі қабатқа сіңбей, зақым келтірмей толық тазартылған. Вагондардың бастапқы келбеті қалпына келтірілген.

Еске салайық, бұған дейін белгісіз тұлғалар Астанадағы LRT вагондарының сыртына сурет салып бүлдірген болатын. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

LRT жобасы шеңберінде алғашқы құрамдар Астанаға 9 маусымда жеткізілген. Ал 11 маусымда № 101 станциясында алғашқы екі вагоннан тұратын құрам сәтті көтеріліп, релске орнатылды. Келесі күні, 12 маусымда, «Абу-Даби Плаза» станциясында екінші құрам көтерілді.

Соңғы жаңалықтар