• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Әдебиет Бүгін, 14:05

Жалғыздық пен Бунин

30 рет
көрсетілді

Көлік жүйткіп келеді. Қала халқы ұйқы құшағында. Терезенің арғы беті мүлгіген қараңғылық пердесі. Көз ілінер емес. Ойыма әлдебір тіркестер, қаңғыған ұйқастар келеді. Енді, бірде, алыстағы орақ басты ай бейнесі айқын көрініп, мұнарта түседі. Бұл аяулы бейнемен бірге, алыстағы асуда қоңыр жанымен жалғыз жортқан ақсүйек Иван Бунинді еске аламын. 

Түсінсем бұйырмасын. Кітап сататын дүкендерге кіре қалсам, елеңдейтінім Бунин бейнесі, Бунин көзқарасы, мені мұнша шынжырлаған қай сезім? Бірде кісінің жанын езердей нәзік, бірде «ұйқың тыныш па?», «биттеп өлуден қорықпайсың ба?» деп өткір әзіл қосар тәкаппар Бунин ешкімді немқұрайлы қалдырмас. Онымен еш жалықпай ұзақ уақыт сырласуға болады. Шын мәнінде, Бунин – ақын. Қара сөзбен жыр жазған ақын.

Жаным еңлік,

Сағынышым тозбайтын сары белдік,

Кімге қалмақ деп ойлап күрсінемін,

Не қалдырам демеймін, жәдігер ғып.

Екінші рет,

Мен аспанға қараймын жетімсіреп.

Жалбарынғым келеді көктегі Айға

Жақын келіп жаныма отыршы деп.

Бунин поэзиясы – орыс лиризімінің тұнығы. Лайланбаған, мөлдірлігі. Бунин жалғыздығы дегенде, бірінші еске не түсер? Буниндей адам жалғыз болмауы мүмкін бе? Отыздың үстінде-ақ зор білімі үшін академик атанған, 4-5 тілді білген кенен таланттың басқа әддісі жоқ та еді. «Қайғы шығар ілімнен, ыза шығар білімнен» дегендей, биік принциптеріне сай келмегендерді аяусыз шенеп те отырды. Есенинді «күні біткен маскүнем» десе, Маяковскийді «бейшарадан сорлы туады» деп ашынады. Ал Горкийді «ал мына Горький дегені қара табан құл мен күңнен туған  неме, қысқасы  тегі жарымаған  нағыз иттің баласы» деп күстаналайды.

Бунин мен жалғыздық бірге туылды да, бірге өлді. Ол алып бұлтқа жалғыздықпен қол созды, жалғыздықпен жанын жайды. Біз оның жалғыздығына қарыздармыз.

  

 

Соңғы жаңалықтар