• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:52

Әр балаға 233 доллардан аударылды - Қаржы министрі

30 рет
көрсетілді

Қаржы министрі Мәди Такиев «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында әрбір қазақстандық балаға қанша қаражат аударылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет пен Жоғары аудиторлық палата 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы бойынша есеп берді.

Министрдің айтуынша, соңғы екі жыл ішінде 7 миллионға жуық балаға 233 АҚШ доллары көлемінде қаражат есептелген. Тек 2024 жылы бағдарламаға 6 919 131 бала қатысқан, олардың әрқайсысының шотына 100,52 доллардан түскен. Жалпы аударылған сома 695,5 миллион АҚШ долларын құрады.

«Ұлттық қордың активтері 2023 жылы 16 пайызға өсіп, 66,2 миллиард долларға жетті», деді Мәди Такиев.

Министр сондай-ақ ел экономикасының өсімі туралы да мәлімет берді. 2024 жылы ЖІӨ 4,8 пайызға ұлғайған. Бұл өсім негізінен мұнайға қатысы жоқ сектордың есебінен қамтамасыз етілді. Ал биылғы жылдың 5 айында ЖІӨ өсімі 6 пайызды құраған.

Сонымен қатар Мәди Такиевтің айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 19,6 трлн теңге түсті, бұл жылдық жоспардың 97,2%-ын құрайды. Қаражаттың түсуінің төмендеуі үшінші елдерден импорттың азаюына және Теңіз кен орнында кеңейту жөніндегі жобаны іске қосудың кейінге қалдырылуына байланысты.

 

Соңғы жаңалықтар