• RUB:
    6.62
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.18
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:22

Бюджет тапшылығы екі есеге азаяды - Бектенов

20 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстандағы бюджет тапшылығын төмендету жоспары туралы айтты. Оның айтуынша, үкімет алдағы үш жылда бюджет тапшылығын екі есеге жуық қысқартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпы экономикалық жағдай тұрақты. Алайда жылдар бойы қордаланған мәселелер де жоқ емес. Үкімет оларды шешу үшін жүйелі жұмыс атқарып жатыр», деді Үкімет басшысы депутат Ерлан Саировтың сауалына жауап бере отырып.

Бектенов атап өткендей, қазіргі таңда елімізде салық реформасы жүргізіліп жатыр. Жаңа қабылданған Салық кодексі келесі жылдан бастап республикалық бюджетке шамамен 3 трлн теңгеден астам қосымша түсім әкеледі деп күтіледі.

«Бұл қаржының барлығы тек даму мақсаттарына – инфрақұрылым, электр қуаты, көлік желілері мен инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталады. Бұл – ұзақ мерзімді әрі тұрақты экономикалық өсімнің негізі», деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің айтуынша, үкімет жүргізіп жатқан шаралардың нәтижесінде салық базасы кеңейіп, республикалық бюджетке қосымша түсімдер түседі. Бұл мемлекетке әлеуметтік және экономикалық міндеттемелерді толық орындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Бектенов 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу барысында бюджет тапшылығын төмендету бойынша нақты межелер қойылғанын айтты:

2026 жылы – тапшылық ІЖӨ-нің 2,5%-ына дейін; 2027 жылы – 1,8%-ға дейін; 2028 жылы – 1,4%-ға дейін қысқармақ.

«Бюджет тәртібін күшейтіп, табыс көздерін ұлғайту арқылы біз алдағы үш жылда бюджет тапшылығын екі есеге жуық төмендетуді жоспарлап отырмыз», деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар