Шымкент қаласының мектеп түлегі Бергей Өмірбай шетелдің 47 университетінен білім алуға ресми шақырту алды. Жалпы ұсынылған білім гранттарының сомасы 1 миллион АҚШ долларына жуық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өмірбай Бергей «Жалын» мектебінің 11-сынып түлегі. Ол «Қаржы» мамандығы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарының қызығушылығын тудырған санаулы талапкерлердің бірі болған. Шақырту алған университеттердің басым бөлігі АҚШ-та орналасқан, сондай-ақ олардың қатарында Малайзиядағы Xiamen University халықаралық кампусы да бар.
Шақырту жіберген беделді оқу орындарының арасында Drexel University, DePaul University, Loyola University New Orleans, Montclair State University, Florida Southern College, University of Colorado Boulder және тағы басқа ондаған университеттер бар. Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметінше, ұсынылған стипендиялардың жалпы құны 979 000 АҚШ долларды құраған.
Айта кетейік, Өмірбай Бергей SAT емтиханынан 1290 балл, ал IELTS тестінен 6.5 балл жинаған. Сонымен қатар ол түрік және қытай тілдерін еркін меңгерген.